Қазақстан мен Сан-Марино ойыны әлемнің 36 елінде тікелей эфирде көрсетіледі

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында бүгінгі Қазақстан және Сан-Марино кездесуі әлемнің 36 мемлекетінде тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды Kazinform.

футбол
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Бүгін, 17 қарашада елорда уақытымен 21:00-де «Астана-Арена» стадионында басталатын кездесу Qazaqstan және Qazsport телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.

Сондай-ақ, ойынды 36 елдің тұрғындары тікелей эфирде тамашалай алады.

Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Мексика, Испания, Франция, Индонезия, Сингапур, Ресей, Түркия сынды мемлекеттер бар.

Ел құрамасы H тобында сынға түседі. Турнир кестесінде 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр.

Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісінде 19 ұпайдан бар.

Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына шығуына мүмкіндік туып тұр.

Еске салсақ, Қазақстан мен Сан-Марино матчына билет толық сатылып кетті.

Сондай-ақ, аталған кездесуде австриялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады