Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылғы 11 наурызда Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Сейшел аралдарының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Мари-Луиза Поттер екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Қол қою рәсімі кезінде екіжақты деңгейде ынтымақтастықтың болашағы туралы және Қазақстан мен Сейшел үшін қызығушылық тудыратын БҰҰ күн тәртібіндегі маңызды мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Оның ішінде теңізге шыға алмайтын кіші аралды елдер мәселесін шешу, тұрақты даму мақсаттарын жасау, қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруі мәселесі және т.б. қаралды.

Тараптар мемлекеттер арасында туризм, білім беру, сауда және өңірлік нарықтарға жол ашу салаларындағы өзара тиімді байланыстарды кеңейтудің маңыздылығын атап өтті. Биыл қыркүйек айында Қазақстанның да қатысуы жоспарланып отырған дамып келе жатқан кіші аралды елдердің саммитіне ерекше назар аударылды.

Сейшел аралдары - ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесін өткізуде Астана қаласының кандидатурасын қолдаған африкалық өңірдегі алғашқы мемлекеттердің бірі. Сейшелдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі әсіресе дамып келе жатқан елдер үшін энергетика дамуындағы энергия ресурстарының жетіспеушілігі мәселесін шешудегі ЭКСПО-2017 көрмесінің маңызды рөлін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар