Қазақстан мен Швейцарияның биылғы экономикалық қарым-қатынасы өте жақсы - Н. Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцария мен Қазақстанның арасында тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынастар жүріп жатыр. Бұл туралы бүгін Ақордада Швейцарияның Президенті Дидье Буркхальтермен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдемеде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Швейцария Еурпадағы біздің төртінші орындағы экономикалық сауда әріптесіміз болып табылады. Осы жылдар ішінде бұл елден 12 млрд. долларға жуық инвестиция Қазақстанға құйылды. Екі елдің арасындағы тауар айналымы 4,5 млрд. долларға (2013 жылы) жетті. Қазіргі қиыншылық дағдарыс жағдайына қарамай, биылғы жылдың өзінде экономикалық қарым-қатынас өте жақсы»,-деді Президент.

Елбасы аталған елмен көптеген салаларда ынтымақтастықта тиісті жұмыстар атқарылып жатқандығын атап өтті.

«Біздің Тәуелсіздік алған күннен бастап Швейцария Конфедерациясы мен Қазақстанның арасында тығыз экономикалық, саяси қарым-қатынастар жүріп жатқанын білесіздер»,-деді Президент.

Айта кетейік, 2013 жылы Қазақстан мен Швейцарияның тауар айналымы 4,45 млрд. долларды құрады. Онда экспорт - 4,26 млрд. долларды, ал импорт - 189,5 млн. долларды қамтыды. Биылғы қаңтар-тамызда тауар айналымы 3,27 млрд. долларға жетіп, былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 5,8 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар