Қазақстан мен Сингапур білім саласында ынтымақтастықты дамытуда

Құжаттар білім саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға, атап айтқанда ақпараттық технологиялар мен менеджмент салаларында оқу бағдарламаларын ашуға бағытталған.
Сингапурлық менеджментті дамыту институтымен Меморандум аясында Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетінде ағылшын тілін оқыту бағдарламасын, сондай-ақ қазақстандық университетте оқуды бастап Сингапурда курсты одан әрі жалғастыратын бір жылдық жоғарғы оқу орнына түсуге дайындық бағдарламасын жүзеге асыру жоспарланған. Сонымен қатар, екі оқу мекемеде білім алуды қамтитын Мемлекеттік басқару мен менеджмент мамандығы бойынша бағдарламаны енгізу мүмкіндігі қарастырылған.
Дүние жүзі бойынша бөлімшелері бар «Informatics» академиясымен ынтымақтастық сингапурлық академиялық бағдарламалар бойынша білім беру қызметін көрсететін бірлескен оқу мекемесін Қазақстанда құруды қамтиды.