Қазақстан мен Тәжікстан арасында заңсыз көші-қонмен күрес күшейтілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Тәжікстан Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл келісімге 2018 жылы наурызда Астана қаласында қол қойылды.

«Келісімді ратификациялау жағдайында көші-қон ағымдарын реттеу мен азаматтық мәселелерді шешу үшін қолайлы жағдай жасалады. Құжат бірқатар бағыттар бойынша ақпарат алмасуды көздейді. Осы орайда статистикалық, құқықтық және ғылыми-әдістемелік ақпарат, тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы елдер азаматтары туралы мәліметтер ескеріледі» - деді ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.

Белгілі болғандай, 2018 жылғы шілдеде келісім Тәжікстан парламентімен ратификацияланған.

Осы келісімнің аясында тараптар өздерінің ұлттық заңнамасына және халықаралық шарттарға сәйкес, тараптар мемлекеттерінің аумағында еңбек ресурстарын тарту саласында мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері арасындағы ынтымақтастыққа ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар