Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Тәжікстан президенттері Астана қаласының Бас мешітіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: t.me/aqorda_resmi

Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Құран сүрелерін оқып, екі елдің халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Мемлекеттер басшылары Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің сәулетімен танысты.

Айта кетейік, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Қазақстанда жүр.

Осы сапар аясында Президенттер шағын құрамда келіссөздер жүргізді.

Сондай-ақ Мемлекеттер басшылары Тәжікстанның халық шығармашылығы көрмесін аралап көрді.

Президенттер Қазақстандағы Тәжікстанның мәдениет күндерін ашты.

Соңғы жаңалықтар