Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжік тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддинмен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан мен Тәжікстанның сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Фото: ҚР СІМ

Тәжікстан СІМ басшысы әріптесін жоғары лауазымға тағайындалуымен шын жүректен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Министрлер екіжақты көпқырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ өңірлік және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдетуге, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыруға барынша ықпал етуге дайындық расталды.

Сонымен қатар сұхбаттастар алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ​Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресей Елшісін қабылдағанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар