19:16, 08 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстан мен Түркия 2015 жылға дейін өзара тауар айналымы көлемін 10 млрд. долларға жеткізуді көздейді
АСТАНА. 8 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2011 жылы 3,303 млрд. долларды құраса, 2012 жылғы қаңтар-шілде аралығында 2,460 млрд. долларға жетті.

Тараптар 2015 жылға дейін өзара тауар айналымы көлемін 10 млрд. доллар көлеміне жеткізуді көздеп отыр. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
Сыртқы істер министрлігінің реми өкілі Алтай Әбибуллаев екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарына инвестициялық және сауда-экономикалық салаларды жатқызуға болатынын айтты. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда түрік капиталының қатысуымен 160-тан астам компания тіркелген. «Жалпы, қазіргі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық әріптестік қатынастар достық, бауырластық және сындарлы диалог бағытында дамуда. Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қарқыны едәуір артып отыр», - деді ол.