Қазақстан мен Түркия арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жүргізуге ынтымақтастықты дамыту қажет - Елбасы

ЫСТАМБҰЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жүргізуге ынтымақтастықты дамыту қажет. Бүгін Ыстамбұлда өткен Түркия-Қазақстан іскерлік және инвестиция форумында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
None
None

«Екі ел арасында бірлескен ғылыми-зерттеу жүргізуге ынтымақтастықты дамыту қажет. Мәселен, қазір маңызды саналатын энергия үнемдеу, энергияның жаңа жасыл түрлерін жасау, зиянды қалдықтарды азайту, нанотехнология мен басқа бағыттарды қолға алған жөн деп санаймын», деді Н.Назарбаев.

Бұл ретте Мемлекет басшысы экономикамен ғана шектеліп қоймай түркітілдес елдердің басын құрап, Нахшванда  өз ұсынысымен Түркітілдес мемлекеттердің кеңесі  құрылғандығын атап өтті.

«Астанада түркі академиясын құрып, біздің ортақ тарихымызды, салт дәстүрімізді, мәдениетімізді зерттеу үшін ғалымдарымызға мүмкіншілік жасадық. Қазақстанда жиырма қазақ түрік мектебі, 2 Түрік-қазақ университеті жұмыс істейді. Осының барлығы келер ұрпаққа, жастарымызды бір бірімен достықпен, бауыршылдықпен тәрбиелеуге мүмкіндік береді деп санаймын», деді Елбасы.

 

Соңғы жаңалықтар