Қазақстан мен Түркия арасында шешілмеген проблема жоқ - Н.Назарбаев

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Түркия арасында шешілмеген проблема жоқ.  Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Түркия  арасындағы Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бірінші отырысынан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.
None
None

«Түркия мен Қазақстанның арасында саяси-экономикалық, жалпы барлық жағынан шешілмеген ешбір проблема жоқ. Біз әр уақытта да мәселелерді ақылдасып шеше аламыз», деді Мемлекет басшысы.
Осы ретте ҚР ПРезиденті екі елдің бір-біріне деген қалтқысыз құрметі ретінде Есіл өзені жағасында, Астанада Мұстафа Кемал Ататүріктің еңселі ескерткіші орнатылғандығын атап өтті. «Түркия экономикасы соңғы жылдары әлемдегі ең бір дамыған мемлекеттердің қатарына қосылып келе жатыр. Біз оған қуанамыз. Себебі бауырлас мемлекеттің өркендеуі бізге де өз септігін тигізеді», - деді Елбасы.

 

Соңғы жаңалықтар