Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын қалпына келтіріп, оны одан әрі ұлғайту қажет - Н. Назарбаев

sp;АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық дағдарыстың салдарынан төмендеп кеткен Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымын қалпына келтіріп, ұлғайту қажет деп санайды. Елбасы бұл пікірін бүгін Ақордада Түркия Президенті Абдолла Гүлмен жүргізген кеңейтілген құрамдағы келіссөздер кезінде айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс біздердің елдер арасындағы сауда айналымын біраз төмендетті. Қазір біз өзара сауда-саттықты қайтадан қалпына келтіріп, оны одан әрі ұлғайтуымыз қажет. Бұл ретте Қазақстан мен Түркия арасындағы үкіметаралық комиссия қызметінің тиімділігін арттыру қажет», деді Мемлекет басшысы.

Елбасының айтуынша, 2008 жылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-саттық 2 млрд. 900 мың долларды құраса, 2009 жылы 1 млрд. 400 млн. долларға дейін төмендеп кеткен. Н. Назарбаев Түркия Қазақстанның жетекші сыртқы экономикалық әріптестерінің бірі болып саналатынын атап көрсетті. «Өткен жылдары ішінде екіжақты берік шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Барлық құжаттар бар. Түрік бизнесінің Қазақстан нарығына белсене енуі, сауда инвестициялық қарым-қатынастардың жоғары өрлеуі соның нәтижесі болып табылады», деді Президент.

Елбасының айтуынша, шағын құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан мен Түркия арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту жайы, сондай-ақ өңірдегі өзекті мәселелер талқыланған. «Менің 2009 жылдың қазан айында Түркияға жасаған ресми сапарымның барысында қол қойылған Стратегиялық әріптестік туралы келісім біздің ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейте береді деп санаймын. Сіздің осы сапарыңыз екі елдің арасындағы қарым-қатынастарға, экономикалық, саяси және мәдени қарым-қатынастарымызға зор серпін береді деп санемін», деді Қазақстан басшысы Түркия Президентіне қаратып айтқан сөзінде.

Соңғы жаңалықтар