Қазақстан мен Түркия гидрометеорология саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді

АНТАЛЬЯ. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК мен Түркия Мемлекеттік метеорологиялық қызметі Антальяда өткен COP31 конференциясы аясында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан мен Түркия гидрометеорология саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Фото: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Құжат ауа райын болжау, қауіпті табиғи құбылыстарды бақылау және қоршаған орта мониторингі бағыттарында тәжірибе мен технология алмасуды, сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуді көздейді.

Меморандумға 10 қарашада екі елдің ұлттық метеорологиялық қызметтерінің басшылары Данара Алимбаева мен Волкан Мутлу Джошкун қол қойды.

Кездесу барысында тараптар гидрометеорология, климаттық талдау және қоршаған орта мониторингі салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Түркиямен өзара іс-қимыл қазақстандық тарапқа озық тәжірибелерді зерделеуге және мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға қосымша мүмкіндік береді.

Айта кетейік, осыған дейін Үкімет отырыстарының бірінде Премьер-министрі Олжас Бектенов ауа райы жағдайларына мониторинг жүргізуге ерекше назар аударуды тапсырды.