Қазақстан мен Түркия Президенттері «Түркі әлеміне сіңірген ерекше еңбегі үшін» орденімен марапатталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Түркия Президенті Абдолла Гүлге, сондай-ақ ұлтаралық бірлік пен экономикалық дамуға орасан зор үлес қосқаны және бас қала Астананы салғаны үшін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі әлеміне сіңірген ерекше еңбегі үшін» ордені тапсырылды.
Айта кетейік, аталған құрылтайға әлемнің 30 елінен қатысушылар жиналып отыр. Оның ішінде түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұйымына мүше Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан, Гагауз Автономиялық Республикасы, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Ресей, сондай-ақ қонақ ретінде Ауғанстан, Босния, Үндістан, Ирак, Иран, Украина және басқа да мемлекеттер қатысуда.
Түркі тілдес елдер сәулет өнері және қала құрылысы бойынша ІІІ-ші құрылтайды Астанада өткізу туралы шешім 2008 жылы Анкарада халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін дамыту ұймы, сондай-ақ Қазақстан мен Түркия Сәулетшілер мен қала құрылысшыларының шығармашылық одағы қабылдаған болатын.