Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық байланыстардың көптеген бағыттарында жақсы нәтижеге қол жеткізді - Н. Назарбаев

амырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан мен Түркия сауда-экономикалық байланыстардың көптеген бағыттары бойынша айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен қазақ-түрік бизнес форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасының пікірінше, Түркия Президенті Абдолла Гүлдің Қазақстанға бұл сапары ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді және ауқымды болуына екі елдің өзара ұмтылысын танытып отыр. Бүгінде Қазақстанда 1500-ден астам түрік компаниялары табысты жұмыс істеп жатқанын жеткізген Н. Назарбаев: «Түрік капиталының қатысуымен құрылыс, тоқыма, металлургия салаларында елеулі жобалар жүзеге асты. Биыл наурызда Шымкентте керомогранит өндіретін бірлескен кәсіпорын іске қосылды. Мен оның салтанатты ашылуына қатынастым. Павлодар қаласында алюминий шикізатын одан әрі өңдеуге арналған кәсіпорынды құру жоспарланып отыр. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында тоқыма бұйымдарының өндірісін ұйымдастыру қолға алынуда. Бұл жобаға салынатын түрік инвестициясының көлемі 70 млн. долларды құрайды. Жобаның аясында 500-ден астам жұмыс орны ашылатын болады», деді.

«Екі ел инвестициялық ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, сауда байланыстарын кеңейтуге ынталы. Біз Қазақстан - Түркия жоғары деңгейдегі келіссөздері барысында бұны тағы да қуаттай түстік», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар