Қазақстан мен Украина арасындағы төтенше жағдайларға байланысты ынтымақтастық туралы келісім қабылданды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «ҚР Үкіметі мен Украина Министрлер Кабинетінің арасында Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған келісімге 1999 жылдың қыркүйегінде Киевте қол қойылған. Келісімге сәйкес, екі мемлекет өздерінің заңнамасындағы теңқұқылық және өзара көмек қағидаттары негізінде бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады. Атап айтқанда, құжатта төтенше жағдайларды ерте хабарлаудың бірлескен жүйесін әзірлеу, болжау және олардың зардаптарын жоюда өзара көмек көрсету шаралары қамтылады. Сондай-ақ төтенше жағдайлардан болуы мүмкін ластануларға байланысты қоршаған орта мен халық денсаулығына төнетін қатерді бағалау шаралары қарастырылған. Бұдан басқа, келісім ережелерін іске асыру үшін тараптардың құзіретті органдары өз отырыстарын жылына бір рет өткізеді, ал қажет болған жағдайда төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша бірлескен комиссия құра алады. Сонымен бірге, құжатта төтенше жағдай туындағанда тараптар шешім қабылдағаннан кейін сондай аймаққа апаттық-құтқару құрылымдарын, жарақтармен қамтамасыз ету материалдарын дереу жіберу жолымен көмектер көрсету көзделген. Бұндай материалдық-техникалық қамтамасыз ету төтенше жағдай аймағында 72 сағат бойы дербес іс-әрекеттерді жүргізу үшін жеткілікті болуға тиіс. Парламент қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі.
Соңғы жаңалықтар