Қазақстан мен Украина Омбудсмендері Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

АСТАНА. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға ресми іс-сапары шеңберінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров пен Адам құқықтары жөніндегі Украина Жоғарғы Радасының уәкілі Нина Карпачеваның арасында Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Қазақстан Омбудсменінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Келісім Қазақстан мен Украинаның ұлттық құқық қорғау институттарына екі мемлекеттің аумақтарында азаматтардың құқықтарын қорғау саласында өзара құқықтық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Құжатта нормативтік құқықтық актілермен және Омбудсмандардың қызметтерін ұйымдастыру, нысандары мен әдістері туралы басқа да ақпаратпен, сондай-ақ екі елдің аумақтарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуының барлық белгілі болған жағдайлары туралы мәліметтермен оларды жою бойынша тиісті мемлекеттік органдардың назарын аудару үшін тұрақты алмасу көзделген.

Омбудсмандардың өзара іс-сапары, бірлескен конференциялар, семинарлар, оқу-әдістемелік курстар өткізу жоспарланған. Қой қойылған Келісім адам құқықтарын қамтамасыз ету саласында екі тату мемлекеттің ынтымақтастығын кеңейтуге бағытталған.

Соңғы жаңалықтар