Қазақстан мен Украина сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша іс-әрекет жоспарын тағы бір жылға ұзартуды жоспарлауда

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қазақстан мен Украина екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастық бойынша іс-әрекет жоспарын тағы бір жылға ұзартуды жоспарлауда.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездескен Украина Премьер-Министрі Николай Азаров айтты.

«2011 жылы Қазақстан мен Украинаның 2010-2011 жылдарға есептелінген іс-әрекет жоспарының мерзімі аяқталады. Бұл құжат біздердің сауда-экономикалық қарым-қатынастарымыздың көрсеткішін айтарлықтай ұлғайтқан болатын. Менің ойымша, «Жол картасы №4» аталатын 2012-2013 жылдарға арналған іс-ірекет жоспарын әзірлеуге бастама көтеру мақсатты түрде болмақ», - деді Украина Премьер-Министрі.

Оның пайымынша, екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасындағы түйткілдерді шешу үшін сәйкесінше ведомстволардың басшыларына тапсырма беру қажет. Олар өз кезегінде жұмыс барысында аталған мәселелерді қарауы тиіс.

Өз кезегінде К.Мәсімов: «Біздің елдеріңіздің арасында қалыптасқан қарым-қатынастар біздерге барлық туындайтын мәселелердің шешімдерін табуға, әділ, ашық айтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.

Соңғы жаңалықтар