Қазақстан мен Украина Сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында кездесті

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары — Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибигамен кездесу өткізді.

Қазақстан мен Украина Сыртқы істер министрлері БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында кездесті
Фото: ҚР СІМ

Сұхбат барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер және қазақ-украин ынтымақтастығының қазіргі даму ахуалы бойынша пікір алмасу орын алды.

М.Нұртілеу Қазақстанның Украинадағы жағдайды тез арада реттеуге және елде тұрақты бейбітшіліктің орнауына мүдделі екенін растады.

Атап айтқанда, Астана қақтығысты БҰҰ Жарғысы мен халықаралық құқықтың негізгі қағидаттарына сәйкес саяси-дипломатиялық жолмен реттеуді қолдап келгенін және бұл ұстанымда екені аталып өтті.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» бағдарламасы аясында Смитсон институты негізінде антропология, тарих сынды салаларда тағылымдамалар өткізілетінін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар