Қазақстан мен Үндістан экономикалық кооперацияны дамытуға бар күш-жігерді жұмсауға әзір

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үндістан Республикасының Премьер-министрі Нарендра Модимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық маңызды мәселелерді талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық күн тәртібі жөніндегі тараптар ұстанымының ортақтығы мен саяси қарама-қайшылықтың болмауы екіжақты диалогты ұдайы дамытуға қолайлы жағдай қалыптастыратынын атап өтті.

Н.Моди Астанамен арадағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту Үндістанның Орталық Азиядағы сыртқы саясатының басымдығы бар бағыты екенін мәлімдеді.

Тараптар екі мемлекетте де бірін-бірі толықтыратын ынтымақтастықтың әлеуеті жеткілікті екенін құптай келіп, жан-жақты экономикалық кооперацияны дамытуға бар күш-жігерді жұмсауға әзір екенін білдірді.

Телефонмен әңгімелесуге Үндістан тарапы бастамашылық етті.

Соңғы жаңалықтар