Қазақстан мен Үндістан қорғаныс саласында бірлескен оқу-жаттығулар өткізу мәселесін талқылады (ФОТО)
Үндістан тарапының шақыруы бойынша өткен кездесу барысында генерал-полковник С. Жасұзақов «әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыту екіжақты қарым-қатынастардың маңызды бағыты болып табылады» деп атап өтті.
Тараптар, сондай-ақ, бірлескен оқу-жаттығулар өткізу, әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін де талқылады.
Үндістан Қарулы Күштері Біріккен қорғаныс штабының бастығы авиация маршалы Почан Прасад Реддимен кездесуде өңірлік және ғаламдық қауіпсіздік, жедел және жауынгерлік даярлық бойынша бірлескен іс-шаралардағы өзара іс-қимылдарды кеңейту мәселелері талқыланды.
Генерал-полковник С. Жасұзақов ынтымақтастықтың маңызды бағыты қатарында қазіргі заманғы жауынгерлік іс-қимылдарда рөлі артып отырған арнайы мақсаттағы күштердің бөлімшелері арасындағы байланысты кеңейтуді атады, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.