Қазақстан мен Вьетнам құқықтық қатынастар бойынша ынтымақтастықты арттырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы азаматтық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданды.
None
None

Келісімнің мақсаты елдер арасындағы құқықтық қатынастар саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту, егемендікті, теңдікті, өзара құрметтеу және өзара пайда негізінде азаматтық істер бойынша бір-біріне құқықтық көмектер көрсету болып табылады. Келісім арқылы мемлекеттердің әрқайсысының азаматтары мен заңды тұлғалары екінші мемлекеттің аумағында өздерінің жеке және мүліктік қорғалуын пайданала алады. «Келісім өзара құқықтық көмекке қатысты құжаттарды тапсыру, дәлелдемелерді жинау және беру, куә мен сарапшыны шақыру тәртібін реттейді. Бұдан бөлек, сот қаулыларын, шешімдерін және төрелік шешімдерді мойындау мен орындау тәртібі қарастырылады. Ал өзара құқықтық көмек көрсету туралы өтініш оны алған күннен бастап тоқсан күн ішінде орындалады», - дейді Әділет министрі Берік Имашев. Оның айтуынша, мұндай келісімдер Қытай, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Грузия, Үндістан, Пәкістан, БАӘ, Түркия, Түркіменстан, Моңғолия, Әзербайжан, Литва секілді он үш мемлекетпен жасалған.

Соңғы жаңалықтар