22:05, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Қазақстан металл сынықтарын шығаруға тыйым салуға ниетті
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан 1 тамыздан бастап металл сынықтарын шығаруға тыйым енгізуі мүмкін. Бұл туралы ҚР ИДМ министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

«Металлургия бойынша отандық өндірушілерде металл сынықтарының жетіспеуіне байланысты жоспарлы көрсеткіштердің өсіміне қол жеткізе алмау тәуекелі бар. Дағдарысқа қарсы жоспарды іске асыру аясында министрлік қара металл қалдықтары мен сынықтарын пайдалану, оның импорты мен экспорты бойынша талдау жүргізді», - деді Теміртауда Премьер-Министр К. Мәсімовтің қатысуымен өткен кен-металлургиядағы жағдай бойынша өткен мәжілісте Ж. Қасымбек.
Оның айтуынша, металл сынықтарының жетіспеушілігі * өткір мәселе.
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша түсті металл қалдықтары мен сынықтарын шығаруға тыйым салу туралы бұйрық жобасы әзірленді. Бұйрық меморгандар қарауында. Тыйымды 2016 жылғы 1 тамыздан бастап енгізуді жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді министр.