Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша ТМД-да 1-орында
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте 103 елдің ішінде 47-орынға(+3) ие болды. Бұл дерек Speedtest Global Index 2025-тің маусым айына арналған рейтингінде айтылған.

Қазақстанда мобильді интернеттің орташа жылдамдығы 87,27 Мбит\с болғаны хабарланды. Speedtest Global Index дерегіне сәйкес, Қазақстан мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында болса, 72,52 Мбит/с жылдамдықпен Әзербайжан(+2)екінші, 55,78 Мбит\с жылдамдықпен Өзбекстан үшінші орында тұр. Мобильді интернеттің орташа жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте БАӘ 546,14 Мбит/с көрсеткішімен бірінші орында. Одан кейінгі орында 517,44 Мбит/с жылдамдықпен — Катар, үшінші орында 378,45 Мбит/с жылдамдықпен— Кувейт.
Алғашқы ондыққа Бахрейн (236,77 Мбит/с), Бразилия (228,89 Мбит/с), Болгария (224,46 Мбит/с), Оңтүстік Корея (218,06 Мбит/с), Қытай (201,67 Мбит/с), Сауд Арабиясы (198,39 Мбит/с) және Дания (196 Мбит/с) кіреді.
Рейтингтің соңында Эсватини (18,36 Мбит/с) — 101, Беларусь (17,97 Мбит/с) — 102, Боливия (13,192 Мбит/с) 103-орында.
Еске сала кетейік, Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша әлемдік рейтингте көрсеткішін жоғарылатты.