Қазақстан мүгедек арбасындағы теннистен алғашқы табысына қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Италияның Альгеро қаласында мүгедек арбасындағы теннистен ITF UNIQLO WHEELCHAIR TENNIS TOUR сериясы бойынша өткен халықаралық турнирде Қазақстан алғашқы табысына қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: ktf.kz

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, мүгедек арбасындағы теннистен қазақстандық спортшылар бірінші рет халықаралық додада бақ сынады.

Ел намысын қарағандылықтар Евгений Быков пен Федор Старыгин және ақтөбелік Дастан Ниязов қорғады.

Д.Ниязов финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде италиялық Алессандро Палонға жол берді – 1:6, 1:6. Ол жарыс барысында алдымен швейцариялық Дэвин Рюшті тізе бүктірді – 6:4, 6:1. Содан кейін ширек және жартылай финалда италиялық теннисшілерді ұтты.

Евгений мен Федор ширек финалға дейін жетті.

Қазақстан теннис федерациясы 2022 жылдан бастап мүгедек арбасындағы теннисті дамытуды қолға алған болатын. Алғаш рет Қазақстан чемпионаты мен кубогі өткізілді. Мүгедек арбасындағы теннис ресми түрде паралимпиялық спорт түрі болып саналады. Осы бағытта төрт «Үлкен дулыға» турнирі және ITF Wheelchair Tennis Tour ITF Wheelchair Tennis Tour жарыстары ұйымдастырылып келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапқанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Германиядағы жарысты жеңіспен бастады.


Соңғы жаңалықтар