Қазақстандық теннисші Германиядағы жарысты жеңіспен бастады

None
Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы, 22 жастағы Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 174-орында тұрған 31 жастағы босниялық Дамир Джумхурмен өткізді.

Т.Скатов 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 40 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 18 брейк-пойнттың жетеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 81-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньяр немесе рейтингте 160-сатыдағы боливиялық Уго Дельеннің біреуімен таласады.

Жүлде қоры 145 мың еуроға бағаланған дода 10 маусымда мәреге жетеді. Чемпион 19 650 еуро табыс тауып, 125 рейтингілік ұпайға ие болады.

Т.Скатов бұған дейін Ролан Гаррос турниріне алғаш рет қатысып, алғашқы айналымнан аса алмаған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың АҚШ-тағы жарыстың финалында жеңіліп қалғанын жазған едік.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінде қанша табыс тапқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар
telegram