19:42, 28 Мамыр 2013 | GMT +5
Қазақстан мүгедектері Парламентке және саяси партияларға ұсынылатын болады
АСТАНА. 28 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан мүгедектері Парламентке және саяси партияларға ұсынылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында аталған комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев айтты.

«Біз мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғауға ерекше мән бердік. Алғаш біздің баяндамамызда Парламент депутаттары қатарына әлемнің басқа елдеріндегідей мүгедектігі бар азаматтарды ұсыну мәселесін көтердік. Егерде, бір-екі адам болғанның өзінде дұрыс болар еді», - деді ол.
Сондай-ақ «2012 жылғы ҚР-дағы адам құқықтарының жағдайы туралы» жаңа баяндамада мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси партиялар қатарына кіруі мәселесі де көтеріліп отыр.