Қазақстан мұнай-газ құрылғыларын ЕАЭО мен Қытай нарығына шығарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда мұнай-газ құрылғыларын шығаратын жаңа зауыт өз жұмысын бастады. Аталған кәсіпорын жұмысының басталуына бүгін «Жаңа индустрияландыру: қазақстандық барыстың қадамы» ұлттық телекөпірі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз жас, қарқынды дамып келе жатқан компаниямыз. Біздің жоғары технологиялы өндірісіміз - бұл елдің мұнай-газ өнеркәсібіне арналған машина жасау саласын дамыту үлгілерінің бірі. 120 жұмыс орны құрылды. 5,5 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Шығарылған өнімнің 20 пайызын ЕАЭО мен Қытай нарығына экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді «Мұнай құрығыларының қазақстандық зауыты» ЖШС директоры Анар Кашлаев.
Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған зауыттың жұмысын бастауға рұқсат беріп, табыстар тіледі.
Зауыт Ақтөбе облысында орналасқан.