Қазақстан мұнай өндіруде қол қойылған келісімшарттарға сәйкес белгіленген міндеттемелерін орындауда - ҚР мұнай және газ министрі

ЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Қазақстан мұнай өндіруде қол қойылған келісімшарттарға сәйкес бұрынғы белгіленген міндеттемелерін орындауда, деп мәлімдеді ҚР мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев IV Қазақстандық инвестициялық саммитте.
None
None

Саммит қатысушыларын шетелдік әріптестермен жасаған шарттың жағдайымен таныстыра отырып, С.Мыңбаев өнімді бөлу келісімі туралы заң мұнайгаз өндіріс барысында қолданылмайтынын айтты. Бірақ бұл бұрын қол қойылған өнімді бөлу келісімін жоққа шығармайды.

«Шарттың мұндай түрі белгілі бір дәрежеде шығынның көлемін арттыруға себепші болатындықтан, Қазақстан әрі қарай өнімді бөлу туралы келісім жасамайтын болады", - деп атап өтті министр.

Өнім бөлу туралы келісім ережелері оларды кез келген уақытта бұзуға болатын жолмен жасалған, мысалға салық заңнамасы бойынша салық төлемдері қандай жағдайда болмасын, алдағы уақытта өндіріліп алынады және одан әрі роялтиден шығарылып тасталады.

«Осылайша, біздің ойымызша қазіргі салық заңнамасына сәйкес роялтиді төлеуді көздейтін модель бір жағынан жер пайдаланушылардың, екінші жағынан Қазақстан Республикасының мүдделері теңдігін қамтамасз етеді», - деп атап өтті С.Мыңбаев..

Өнімді бөлу туралы келісімнің болашақтағы жағдайы туралы айта келіп, министр оларда даулы мәселелер бар екенін және осы бағыт бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқандығын атап өтті. «Қандай жағдайда да осы өнім бөлу туралы келісім біржақты тәртіппен шешіле алмайды. Қазақстан бұрын қол қойылған келісімшарттарға сәйкес белгіленген міндеттемелерін жақтайды. Ал өнім бөлу сияқты келісімшартты бұзу инвесторлардың Қазақстанға деген мүдделілігіне кедергісін тигізбейді», - деп жағдайды түсіндірді ҚР Мұнай және газ министрлігінің басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Қазақстандағы көмірсутек өндіру туралы 227 шарттың 16-сында өнімді бөлу туралы келісімдер қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар