Қазақстан мұнайының басты нарықтары - Еуропа мен Қытай

АСТАНА. 2 қазан. ҚазАқпарат  - Бүгінде сан алуан жобаларға қарамастан, мұнай көлемін тұтыну жағынан Еуропалық одақ пен Қытай қазақстандық шикізаттың негізгі нарықтары болып саналады.
None
None

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында басталған KAZENERGY VII Еуразиялық форумында ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

Өз сөзінде министр негізгі мұнай құбырлары арқылы шикізатты жеткізудің көлеміне тоқталды. Оның айтуынша, ағымдағы жылы Каспий құбыры арқылы 29 млн. мұнай тасымалданса, 2015 жылға дейін бұл көрсеткіш 52 млн. тоннаға дейін артатын болады. «Ал «Атырау - Самара» құбыры арқылы тасымалданатын шикізаттың көлемі ұлғайтылмайды. Ол 15 млн. тоннаның шамасында қалады. «Қазақстан - Қытай» бағытында жеткізілетін өнімнің көлемі бүгінде 11 млн. тоннаны құрап отыр. Алдағы уақытта оны 20 млн.-ға дейін жеткізу көзделген»,- деп атап көрсетті С.Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар