Қазақстан нысана көздеуден әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM — Мысырдың Каир қаласында нысана көздеуден әлем кубогі кезеңі өтеді.
Аталған байрақты бәсекеге 50 елден 378 спортшы тіркелген.
Қазақстан құрамасынан алдын ала тізімге Никита Чирюкин, Кирилл Федькин, Артемий Кабаков енді. Отандастарымыз 25 метрден жылдам атылатын тапаншамен оқ ату сайысында ел намысын қорғайды.
Айта кетейік, әлем кубогі кезеңі 8-16 қазан аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Фатима Ирназарова жылжымалы нысана көздеуден әлем чемпионы атанғанын жазғанбыз.