Қазақстан Норвегия Корольдігінде елшілік ашуды жоспарлап отыр

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Норвегия Корольдігінде елшілік ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановпен кездескеннен кейін Норвегияның Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Торгейр Ларсен мәлім етті.
None
None

 «Аталған факт Қазақстан мен Норвегия арасындағы екіжақты әріптестікті кеңейту тұрғысында өзіндік мәнге ие. Оның ішінде энергетика саласы да қамтылмақ. Себебі, біздің елдер энергия өндіруші мемлекеттер болып табылады және осы саладағы мүдделер өзара ұқсас», деді Т. Ларсен.

Сонымен қатар ол Е. Қазыхановпен талқыланған басқа да жайттарға тоқталды. Оның ішінде Ауғанстандағы тұрақтандыру мәселесі және жаппай қыру қаруының таралуына жол бермеу тұрғысындағы бірлескен күш-жігерлер сөз болды.

Кездесу соңында тараптар екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнауына жиырма жыл толуы атаулы датасына тоқталып, осының аясында өткізілетін шаралар жайында әңгіме қозғады.

Соңғы жаңалықтар