19:43, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Қазақстан объективті түрде үлкен үлгі болып саналады ? РФ кәсіпкерлік қауымдастығы
АСТАНА. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат – Бұдан бұрын хабарланғанындай, кәсіпкерлік қоғамдастығы өкілдерінің белсене қатысуымен жасалып, үлкен талқылау туғызған «Тұғырнама-2009» дағдарысқа қарсы бағдарламасы «Александр Хаус» мәскеу іскерлік орталығында ақпанның 25-де өтті,
деп хабарлайды қазАқпарат.«Бизнес Ынтымақтастық» ғылыми кәсіпорнының төрайымы Яна Яковлева кәсіпкерлердің «Тұғырнама-2009» дағдарысқа қарсы ұсыныстар топтамасы билік ортасында кең талқылауға арналып жасалғандығын мәлімдеді. Сергей Алексашенко, Владислав Иноземцев, Олег Буклемишев және Александр Лебедевтермен бірлесе «Дағдарысқа қарсы қоғамдық бастама» тобын құрған тәуелсіз саясаткер Владимир Рыжков кәсіпкерлер жұмыс жасайтын шектеу мейлінше оңайлатылса, әкімшілік кедергілер алынып тасталса, бұл дағдарысқа қарсы қабылданған ең тиімді шешім болар еді, дейді.«Дәл осындай қадамдардан кейін ғана, дағдарыс уақытында экономикалық өсудің тетігі табылар еді», - деп есептейді В.Рыжков.
Ресей аймақтық банктері қауымдастығының президенті, РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Анатолий Аксаков: «Экономикалық секторды нақты қолдауға бөлінген 950 млн. рубльді Жинақбанкі, Россельхозбанкі және Внешторгбанктері алғанда, аймақтық банктер үшін қосымша инвестор талап етіледі, бұл қолдаудың жалған екендігін көрсетеді», - деп есептейді.Ресейлік кәсіпкерлерді Қазақстандағы дағдарысқа қарсы саясатпен таныстырған «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының төрағасы Азат Перуашов, Қазақстанда дағдарысқа қарсы саясат 2007 жылдың ортасына қарай басталып, АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыстың әлемдің қаржы жүйесіне алғашқы әсері байқалған сәтте-ақ, бізде нақты шаралар қолға алынғанын айтты. «Біз, шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге ? бір жылға мораторий жарияладық, биыл, тағы бір жылға создық та, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға арнап қаржы бөлдік. Біздің дағдарысқа қарсы бағдарламамыз ІЖӨ-нің 20%-ын құрады, оның 10%-ы тікелей Ұлттық қордан құйылса, қалған 10%-ы банктерге резервтік талаптың төмендеуі есебінен жасалды», - деп атап өтті А.Перуашов.Оның сөзіне қарағанда, мемлекет елдегі төрт ірі банктің капиталына кірген, нәтижесінде, бітпей қалған нысандарды қоса есептегенде, тұрғын үй құрылысы мен ипотеканы, ауыл шаруашылығы мен өңдеуді қолдау қамтамасыз етілді, шағын және орта кәсіпкерлік қаржыландырылды, ірі инфрақұрылымдық жобаларға бастамашы болды. Қазақстандық кәсіпкерлердің бастамасымен салық кодексінің жаңа редакциясы қабылданды, онда кәсіпкерлікке салынатын жалпы салық жеңілдетілген, ауыл шаруашылығы және машина жасау саласы үшін жеңілдіктер сақталып қалды. «Қазақстанда билік пен кәсіпкерліктің өзара іс-қимылы өте жемісті: үкіметте де, парламентте де біздің өкілдеріміз бар. Егер, бұрындары банктердің жылдық ставкалары 28%-ға дейін жететін болса, мемлекет банктерді қолдау, экономика секторына нақты көмек көрсету мақсатында, «шартты ставканы» енгізді, оның жылдық ставкасы 12%-дан аспайды» - деді А.Перуашов. «Қазақстан объективті түрде үлкені үлгі болып саналады, біздің елімізде жаңа басталып жатқан үрдістердің барлығына да алдымен Қазақстан бастамашы болған», - деді қазақстандық үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасына баға берген, дөңгелек үстел отырысына қатысқан ресейлік ғалымдардың бірі.