Қазақстан оқушылары Балқан өңірі үздік математиктерінің үштігіне кірді

АСТАНА.KAZINFORM  - Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) 22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы (BMO) аяқталды.

Қазақстан оқушылары Балқан өңірі үздік математиктерінің үштігіне кірді
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Қазақстан оқушылары ел қоржынына үш күміс және үш қола медаль салып, 100% көрсеткіш көрсетті.

Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде иеленді:

Күміс жүлде иегерлері:

• Амир Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;

• Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Элдар Үсенов — Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.

Қола медаль иегерлері:

• Дамир Нұрланов — Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;

• Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;

• Бердібек Орынбасар — Атырау облысындағы №1 «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы.

– BMO олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының шілде айында Аустралияның Квинсленд қаласында өтетін халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындығындағы маңызды кезең. Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын, – деді олимпиаданың күміс жүлдегері Марғұлан Шарел.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.

Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазақстандық оқушылардың екінші рекордтық нәтижесі. 2024 жылы да олар үздік үштіктен көрінген болатын.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан оқушылары әлемдегі ең ірі робототехника чемпионатында ел намысын қорғайды.

Соңғы жаңалықтар