Қазақстан олимпиадашыларға қанша сыйақы береді
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы қаулысы бойынша, Олимпиадаға қатысып, ең кемі 6-орын алған спортшы сыйақы ала алады. Осыған байланысты биыл бұл тізімге Пхенчхан Олимпиадасының қола жүлдегері, фристайлшы Юлия Галышева мен 6-орын алған шорт-тректен ерлер эстафета командасы ілінеді.
Үкімет қаулысына сәйкес есептегенде Юлия Галышева мемлекеттен 75 мың доллар алады.
Ал шорт-тректен ерлер эстафета командасына (Абзал Әжғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша, Еркебұлан Шамұханов) жалпы 20 мың доллар беріледі.
Одан бөлек, спортшылардың бапкерлері де сыйақы алады. Галышеваның медалі үшін бапкерлерге берілетін 75 мың доллардың 10 проценті бірінші бапкеріне, 80 проценті жеке бапкеріне, 10 проценті осы спорт түрі бойынша ҚР құрама командасының бас бапкеріне беріледі.
Ал шорт-трекшілердің үш бапкеріне жалпы 15 мың долар беріледі.
Қорыта келгенде биыл Қазақстан Олимпиадашыларға 185 мың доллар сыйақы береді.