09:57, 18 Тамыз 2020 | GMT +5
Қазақстан өңірлерінде модульдік 13 инфекциялық аурухана салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирус індетімен күрес үшін 13 жаңа инфекциялық аурухана салынады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сіздің тапсырмаңыз бойынша коронавирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық аурухана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орны ашылады», - деді министр.
Ведомство мәліметіне қарағанда, 13 модульдік инфекциялық аурухана 2,7 мың орынға арналмақ.
Айта кетейік, Б.Нұрымбетов Үкімет отырысында қазақстандықтарды жұмыспен қамту шаралары жөнінде баяндаған болатын.