Өңірлердегі кәмпит пен печенье бағасы қанша
Кез келген той мен басқосу дастарқанының сәнін келтіретін кәмпит пен печеньенің қазір түрі өте көп. Kazinform агенттігінің тілшісі екі кондитерлік өнімнің Қазақстан өңірлеріндегі бағасын салыстырды. Ең арзаны мен қымбаты қанша теңге?

Қазақстандықтардың көбі шайды шоколад батончигімен ішкенді жақсы көреді. Осы ретте біз бағаны салыстырған кезде ең қымбаты мен арзаны қанша екенін сұрап білдік. Өңірлерде баға 1 000 теңгеден басталып, 7 900 теңгеге дейін жетті.
Контитерлік өнімнің бұл түрі шынымен де өте көп. Ең көп тараған шоколад қатарында «буревестник», «ласточка» және «вечер» атауымен сатылатын өнімдер бар. Батончиктің бұл түрі Қызылордада арзан. Мұнда келісін 1 000 теңгеге сатып алуға болады. Ал Шымкент, Түркістан, Орал мен Ақтөбеде баға сәл жоғары. Мұнда бір келісі – 1 650-1 700 теңге.
Қонаев, Қарағанды, Жезқазған, Көкшетау, Алматы, Атырау, Семей мен Талдықорғанда баға орташа. Мұнда келісі 2 000-2 400 теңге аралағында.
Ал Астана, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Таразда шоколад батончигінің бағасы жоғары болып тұр. Бұл өңірлерде келісі 2 480-2 685 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Ақтауда «буревестник» кәмпитінің келісі – 3 000 теңге.
Шоколад батончигінің ең қымбат түрі – «сникерс», «марс», «баунти» және «твикс». Олардың бағасы дүкен мен базарларда 2 700 - 7 900 теңге аралығында.
Ең арзаны – Қызылордада. Мұнда келісі 2 700 теңгеге сатылады. Ал ең қымбаты Атырау қаласында болып шықты. Аталған өңірде келісі – 7 900 теңге.
Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Шымкент, Тараз, Талдықорған мен Түркістанда көпшілік сүйіп жейтін шоколадтың келісі 4 500-5 500 теңгеден сатылады.
Астана, Алматы, Орал, Жезқазған, Өскемен, Семей мен Қонаевта келісі – 5 500-6 000 теңгеден.
Печенье
Мерейтой, достармен басқосу, ағайын-туысты шақырып, қуанышты бөлісу кештерінде көбінде торт, түрлі кондитерлік өнімге тапсырыс бергенімен, қазақстандықтар шай үстеліне печенье қойғанды жақсы көреді.
Бұл күнде кәмпит секілді печеньенің де түрі көп. Сондықтан бағаны салыстыру кезінде ең арзаны мен қымбатының бағасы өңірлерге қанша екенін білдік. Қарайым печеньемен қатар шоколадты печеньеге де қазір сұраныс бар.
«Зайчик» печеньесінің ең арзаны Павлодар қаласында сатылады. Мұнда келісі 680 теңге тұрады. Ал ең қымбаты – Петропавлда. Келісі – 2 700 теңге.
«Зайчик» печеньесінің орташа бағасы – 750-1 300 теңге.
Ал шоколадты печенье бағасына келер болсақ, келісі 300-5 000 теңге аралығында.
«Артемон» печеньесінің ең арзаны Қызылорда қаласында сатылады. Мұнда келісі 2 000 теңге тұрады. Ал ең қамбаты – Петропавл қаласында.
Жалпы шоколадты печеньенің аймақтардағы бағасы – 3 200-3 950 теңге аралығында.
Инфографикадан Қазақстан қалаларындағы кондитерлік өнім бағасын білуге болады.

Бұған дейін экзотикалық жеміс, қияр мен қызанақ бағасын білдік.