Қазақстан орта державалар әділетті әлемдік тәртіптің орнауына мүдделі болуы керек деп санайды — Президент

АСТАНА. KAZINFORM — Орта державалар да жауапкершілік жүгін көтеруге дайын болуға тиіс. Бұл туралы Астана халықаралық форумында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. 

форум
Фото: Ақорда

— Сөзсіз, біз бетпе-бет келіп отырған сын-қатерлер трансұлттық сипатқа ие. Десек те оған қарсы әрекетімізде бірізділік жоқ. Әлемдегі ахуал өте шетін, тұрақсыз әрі кереғарлыққа толы. Сондықтан жаһандық ынтымақтастық үшін құрылған институттар осы жағдайларға сай болуға тиіс. Қазақстан орта державалар әділетті әрі инклюзивті әлемдік тәртіптің орнауына мүдделі болуы керек деп санайды. Қазіргі жүйені мұқият саралап, тың әдіс-тәсілдерге сүйену қажет. Соған сәйкес, орта державалар да жауапкершілік жүгін көтеруге дайын болуға тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана халықаралық форумы жұмысын бастады

Еске салсақ, Мемлекет басшысы бұған дейін әлем Қазақстанға зор сенім артатынын, елімізді «орта держава» ретінде танып отырғанын айтты

Соңғы жаңалықтар