Қазақстан орталықазиялық өңірде экономикалық дамудың көшбасшысы болып табылады - РФ-дағы Гватемала елшісі Артуро Дуарте

АСТАНА. 10 ақпан. ҚазАқпарат - 9 ақпан күні Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбеков РФ-дағы Израиль елшісі Дорит Голендер мен РФ-дағы Гватемала елшісі Артуро Дуартені қабылдады,
None
None

деп мәлім етті РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі.

З.Тұрысбеков әріптестерін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауының негізгі бағыттарымен таныстырып, қонақтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы туралы ақпараттандырды. Қазақ елшісі Қазақтанның үдемелі инустриялық-инновациялық даму бағдарламасы мен елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселесіне баса назар аударды.

Гватемала елшісі Қазақстанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға деген мүдделілігін танытты. «Қазақстан орталықазиялық өңірде экономикалық дамудың көшбасшысы болып табылады, реформалаудың қазақстандық тәжірибесіне деген қызығушылығымыз бар», деп атап өтті Артуро Дуарте. Өз кезегінде Израиль елшісі инновация мен аграрлық саладағы ынтымақтастықты кеңейтуді ұсынды. Әңгіме барысында сондай-ақ Ресей, Қазақстан және Беларус елдері арасындағы Кеден одағының дамуы және Бірыңғай экономикалық кеңістікті құру жайы талқыға түсті.

Соңғы жаңалықтар