Қазақстан осмий-187 изотопы өндірісін жолға қойған әлемдегі жалғыз ел болып отыр - Нұралы Бектұрғанов

Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан 2 күндік "Ғылым және технологиялар: келешекке қадам" деген тақырыппен өтіп жатқан V Бүкіләлемдік WCET - 2012 инжиниринг және технологиялар конгресінде айтылды.
«Қазақстанда жоғары сапалы галлий, осмий-187 өндіру тұрақты жүзеге асырылуда. Еліміз ірі рений өндіруші елдердің қатарына енеді. Алайда республикада қор бойынша бәсекеге қабілетті басымдық пен сирек және сирек жер металдарын ұстау жүзеге асырылмайды. 45-тен астам атаулы сирек металл және сирек жер өнімдерін шығаратын Ертіс химия-металлургия зауыты қазіргі таңда өз жұмысын тоқтатты деуге болады», - дейді «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов. Техника ғылымдары докторының айтуынша, «Қазақстан аллюминийі» АҚ-да ванадий пентаксиодын өндіру тоқтаған. Индий, кадмий, таллий, теллур алынып келген «Южполиметалл» АҚ-да бүгінгі таңда тек аммония перенаты ғана өндіріледі. «Қазцинк» АҚ-да индий мен талий шығару айтарлықтай қысқарды. «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-і мен «ҚазЦинк» АҚ-да кенді өңдеудің барлық сатысында айтарлықтай сирек металлдар ысырап болуда.