Қазақстан өзгерістерге дайын ТОП-20 елдің қатарына енді

2012 жылмен салыстырғанда, осы тізімге қосылғандар саны 50 пайыздан асып, 90-ға жеткен. Үздік бестікке Сингапур, Швеция, Катар, Жаңа Зеландия мен Германия сынды табыс деңгейі жоғары елдер енген. Бұл тізімді Венесуэла, Конго Демократиялық Республикасы, Ауғанстан тұйықтайды. Қазақстан Ұлыбритания, Франция, Оңтүстік Корея және басқа да дамыған елдермен қатар, Панама мен Испанияның арасында 20-шы орында. Орташа табыс тобында Қазақстан 27 елдің арасында төртінші орында. Шығыс Еуропа мен Орталық Азия тобында еліміз екінші орында тұр.
Өзгерістерге дайындық деген не? Аталған индекске елдің мүмкіндігі оның үкіметінің, жекеменшік және мемлекеттік мекемелер, адамдар мен кең ауқымды ұйымдардың азаматтық қоғамының өзгерістерді қабылдап, әсер етуі, сонымен қатар, оған тез дағдылану қабілеті жатады. Яғни, бұл рейтинг қай елдердің ауқымды өзгерістерге, апаттық жағдайларға қаншалықты төзімді екенін, әрі осындай жағдайларда өз мүмкіндіктерін қаншалықты қолдану мүмкіндігіне ие екендігін және ол өзгерістерді қалай басқаратынын көрсетеді.