Қазақстан өзінің халықаралық міндеттер мен демократиялық ұстанымдарға берік екендігін тағы бір мәрте көрсетті - Б.Жексембин

КЕНТ. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - 2011 жылы Қазақстан Республикасының тарихында мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы шешімнің қабылдануымен есте қалатын болады.
None
None

Бұл туралы БАҚ өкілдері үшін өткен брифинг кезінде Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бөрібай Жексембин хабарлады.

«Барлықтарыңызға белгілі болғандай, 2011 жылдың 31 қаңтары күні ҚР Конституциялық кеңесі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Прездентінің өкілеттігі мерзімін республикалық референдум арқылы ұзарту мүмкіндігін қарастырған еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ел Парламенті қабылдаған Заңға қатысты шешім шығарды. Бұл Заңды қабылдай отырып, Парламент референдумды жақтап қол қойған бес миллионға жуық қазақстандықтардың пікірін басшылыққа алған еді», - деп түсіндірді елші.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Конституция мен демократиялық ұстанымдарға адалдығын сақтай отырып, 7 қаңтар күні өз Жарлығымен қазіргі президенттің өкілеттілігі мерзімін сайлау өткізбестен республикалық референдум арқылы 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі Парламент ұсынысын қабылдамай тастаған еді, деп тоқталды Б.Жексембин.

«Референдум орнына 2011 жылдың 3 сәуіріне тағайындалып отырған мерзімінен бұрынғы президенттік сайлау өткізу белгіленді. Осылайша, Қазақстанның халықаралық міндеттер мен ел Конституциясында айтылған демократиялық ұстанымдарға беріктігі тағы бір мәрте көрініс тапты», - деп атап өтті қазақ елшісі.

Соңғы жаңалықтар