Қазақстан өзінің транзиттік-көліктік әлеуетін толық көлемде пайдаланып отырған жоқ

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан өзінің транзиттік-көліктік әлеуетін толық көлемде пайдаланып отырған жоқ.
None
None

Бұл туралы бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «дөңгелек үстелде» Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының көліктік кешенді проблемалар бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Бекмағамбетова мәлім етті.

«Ағымдағы транзиттің деңгейі жылына 16 млн. тоннаны құрайды. Ал тасымалдың ең жоғары кездерінде, яғни 1989 жылы транзиттік ағындар жылына 100 млн. тоннадан асты», - деді ол.

Дүниежүзілік банктің соңғы зерттеулеріне тоқталған сарапшы, Қазақстанда бір контейнерлік жүктің экспортына жұмсалатын орташа уақыт 81 күн, ал импорт кезінде 69 күн екенін жеткізді. Сәйкесінше, шығыс көлемі 4 685 доллар және 4 665 доллар көлемінде.

Гүлнәр Бекмағамбетованың сөзінше, тасымал саласында тұрақты әрі жоғары табысты бағыт - ол темір жол транзитіне тиесілі екен.

Соңғы жаңалықтар