Қазақстан Пәкістанға рельс арқалықтарын экспорттамақ

экспорт
Фото: Александр Павский/Kazinform

Қазақстан Пәкістанға рельс арқалықтарын экспорттамақшы. Бұл туралы Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші Ержан Қыстафин БАҚ өкілдеріне екіжақты экономикалық байланыс жөніндегі «дөңгелек үстел» алдында айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«Оларға біздің энергиялық ресурстар қажет. Қазақстан астығын жеткізуді сұрап отыр. Қазір олар өздеріндегі теміржол желісін жаңғыртып жатыр. Бұл тұрғыдан алсақ, Ақтөбеде рельс арқалықтарының зауыты бар. Қазір келіссөз жүргізілуде», – деді дипломат.

Елшінің айтуынша, Пәкістанға азық-түлік өнімдерін молынан экспорттауға болады.

«Қазіргі міндеті – нарықты ашып, әлеуетімізді паш ету. Пәкістан халқының саны 242 миллион екенін ескерсек, әлемдегі бесінші нарық болып есептеледі. Біздегі тамақ индустриясының өнімдеріне сұраныс бар», – деді Ержан Қыстафин.

Соңғы жаңалықтар