Қазақстан Парламентінің депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына дайындалуда

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Парламентінің депутаттары ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының сессиясына қатысады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«21-22 ақпанда ҚР Парламенті Сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қаіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков бастаған ҚР Парламентінің делагациясы Венадағы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы 12-ші сессиясына қатысады», - деді ресми өкіл.

Қазақстан Парламенітінің мүшелері ЕҚЫҰ-ны реформалау және ашықтылық арнайы комитетінің жұмысына, сондай-ақ Ассамблеяның үш жалпы комитеттерінің отырыстарына қатысады. Олардың барысында қауіпсіздік пен саясат, экономика, ғылым, технология, қоршаған ортаны қорғау, адам құқығы, гуманитарлық мәселелер кеңінен талқыланбақ.

Атап айтқанда, Парламенттік Ассамблеяның сессиясына ЕҚЫҰ-ның 50 елінен келген 240-тан астам парламент мүшелері қатыспақ.

Соңғы жаңалықтар