Қазақстан парламентшілері Финляндияның заң шығару тәжірибесімен танысты

nbsp;АСТАНА. Маусымның 2-і. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған Қазақстан Парламентінің делегациясы Финляндия Парламентінің Төрағасы Саули Нийнистё мырзамен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ Қазақстан парламентшілеріЕңбекпен қамту және экономика министрлігінде болды, онда фин экономикасының және Қазақстанның жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының таныстырылымы өтті.

Ортақ пікірді ұстанған саяси үндестік пен экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін парламентаралық байланыстарды дамытудың маңыздылығы зор. Бізді Финляндияның заң шығарушылық тәжірибесі, әсіресе, жер қойнауын пайдалану, жаңа технологиялар мен инновациялық өндірісті дамыту, жергілікті өзін-өзі басқару, қоршаған ортаны қорғау мәселелері қызықтырады.

Қазақстан Парламентінде Финляндия Парламентімен ынтымақтасатын парламентаралық топ құрылды, оған депутат Кенжеғали Сағадиев жетекшілік етеді.

Қазақстанды Финляндияның аймақтық даму мен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың озық тәжірибелері, қоршаған ортаны қорғаудың заманға лайық стандарттары қызықтырады.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкімет отырысында Қазақстан бүгінгі даму деңгейіне Финляндияның өткен жүзжылдықтың 70-ші жылдары жүзеге асырған әлемде көшбасшылыққа жеткізген инновациялық-технологиялық қуатты серпілісі мен экономикалық даму тәжірибесі өзекті болып отырғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті негізінде, білім берудің жоғары стандартына, байқаулар бойынша ғылыми жұмыстарға бөлінетін қаржылардың бәсекелестік жағдайда жүргізілуіне, ғылым мен кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттің бірлесе күш салуына, келешектің ұлттық инфрақұрылымына көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Финляндияның инновациялық және технологиялық тәжірибесі, технологиялық серпілістегі мемлекеттің рөлі, тиімді стратегиялық инновация, ғылыми және іскер топтардың ынтымақтастығының жүйесі, технопарктер мен кластерлердің қызметі айрықша назар аударады.

Осы тұста айтар болсақ, Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-фин ПАК-ның 4 отырысында фин жағы кластерлер құру мен Финляндияның ең озық технологиялары бар экономиканың бірлескен жобасын жүзеге асыруға әзірліктерін білдірді. Әңгіме бәрінен бұрын металлургия, телекоммуникация, порт шаруашылығы, табиғи технологиялар (биотехнология мен қуат үнемдеу), орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кешендері жайында болып отыр.

Сындарлы саяси үндесу екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық дамуына қолайлы жағдай туғызады.

Өкінішке орай, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарысқа байланысты екі жақтың тауар айналымы үш есеге дейін қысқарды. Егер 2007 жылмен салыстырғанда 2008 жылы 1 млрд. доллардан асқан болса, 2009 жылы 761 млн. долларды құрады.

Қазақстан Финляндияның Ресейден кейінгі ТМД көлемінде екінші серіктесі болып саналады.

Сауда-экономикалық жайындағы Үкіметаралық ынтымақтастық Қазақстан-фин комиссиясы жоспардағыдай жұмыс жасауда. Оның соңғы екі отырысының нәтижесінде (Хельсинки, 28-29 мамыр 2007 жыл және Астана, 3 қараша 2008 жыл.) Қазақстанға фин кәсіпкерлеріннің бірқатар сапарлары болып, инвестицияны қорғау мен көтермелеу жөніндегі Өзара үкіметаралық келісім күшіне енді.

Мемлекет басшысының экономикаға финдердің тәжірибесін енгізуге назар аударып отырғанын басшылыққа ала отырып, Финляндия Сыртқы сауда және даму министрі Пааво Вяюрюненнің 3-5 наурызда Қазақстанға жасаған сапарының барысында Қазақстан-фин экономикалық ынтымақтастық бағытының басым жағы инновациялық-технологиялық өзара қатынас пен бірлесіп өндіріс құру болды. ҚР Үкіметі биылғы жылдың сәуірінде Қазақстан-фин Үкіметаралық ынтымақтастық комиссиясын ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне беру жөнінде табанды шешім қабылдады.

2010 жылы 31 мамырда Қазақстан Президенті Н.Назарбаев кіріс салығын төлеу мен қосарлы салықты алып тастауды қарастыратын үкіметаралық Келісімді ратификациялауды көздейтін заңға қол қойды.

Хельсинки қаласында күзде өтетін аталған комиссияның отырысын Финляндиядағы Қазақстан экономикасының күндері ретінде атап өту орынды болатыны анық. Онда іскерлік ортаға Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық мүмкіндіктері көрсетілер еді.

Соңғы жаңалықтар