Қазақстан паспорты әлемдік рейтингте 61-орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM – Henley & Partners компаниясы жыл сайын жариялайтын паспорттар индексінде Қазақстан позициясын жақсартты. Жаңа рейтингте қазақстандық төлқұжат 61-орынға көтерілді.

паспорт
Фото: Kazinform

Бұған дейін Қазақстан 64-орында болған. Осылайша, Орталық Азия елдері арасында қазақстандық паспорт ең «күшті» құжат саналады.

Аймақ елдері арасындағы көрсеткіштер:

– Қырғызстан – 71 орын,

– Өзбекстан – 72 орын,

– Тәжікстан – 78 орын,

– Түрікменстан – 84 орын.

Рейтинг деректеріне сәйкес, Қазақстан азаматтары визасыз 79 мемлекетке бара алады.

Тізімнің көш басында – Сингапур, оның азаматтары 193 елге визасыз сапарлай алады.

Екінші орында Жапония мен Оңтүстік Корея (190 бағыт).

Ал ең шектеулі төлқұжаттар Ауғанстан, Ирак және Сирия азаматтарына тиесілі.

Айта кетейік, Қазақстандық төлқұжат жаңартылды, ал ескі паспортты не істеу керектігін мынау сілтемеден оқыңыз.

Соңғы жаңалықтар