Қазақстан ПМЭФ-2025 аясында стратегиялық әріптестікті тереңдетеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр Санкт-Петербург Халықаралық экономикалық форумының (ПМЭФ-2025) жұмысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Онда Ресей Федерациясымен және халықаралық серіктестермен сауда-экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды кездесу өткізді.

Бизнес пен билік диалогі үшін жетекші әлемдік алаңдардың бірі болып табылатын Форумға қатысу ұлттық экономикалық мүдделерді ілгерілетуге және негізгі салаларда бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталды.

Іскерлік бағдарлама аясында Роман Скляр Ресей Федерациясы Үкіметінің басшылығымен келіссөздер жүргізді.
Бұған дейін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Тәуелсіздік сарайында өткен «Орталық Азия-Қытай» саммитінің кулуарында Қытай көліктерінің сапасы туралы пікір білдірді.