Қазақстан Польша экономикасының сенімді 5 серіктесінің бірі - Польша елшілігінің кеңесшісі

АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат - Польша үкіметі Қазақстанмен экономикалық ынтымақтастықтың дамуына үлкен қызығушылық танытып отырғанын үлкен қуанышпен мәлімдеймін. Бұл туралы Қазақстандағы Польша елшілігінің сауда жөніндегі кеңесшісі Владимир Кровский бүгін Алматыда тамақ өнеркәсібіне қатысты 6-шы халықаралық көрменің ашылу рәсімінде айтты.
None
None
«Қазақстан Польша экономикасының барынша сенімді 5 серіктесінің бірі. Мұнда Польша тауарларының саудасын жандандыруға бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Біз де Қазақстаннан тауарларлы көбірек сатып алғымыз келеді», - деді В.Кровский. Оның айтуынша, 30 елдің 436 компаниясы жиналған бұл халықаралық көрмеге Польша елінен тамақ өнеркәсібінің барлық саласын қамтитын 20 компания қатысуда.
Соңғы жаңалықтар