11:09, 24 Маусым 2010 | GMT +5
Қазақстан полициясы күнінде СҚО әкімі полиция қызметкерлеріне жаңа көліктердің кілтін табыс етті
ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше, маусымның 23-де, Қазақстан полициясы күнінде Петропавлдың «Достық» алаңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтың қатысуымен полиция қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілтін беруге арналған салтанатты шара өтті.

«Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ішкі істер органдарының материалдық-техникалық жағдайына баса назар аударады», - деп атап өтті аймақ басшысы.
Полиция қызметкерлеріне автокөліктердің кілтін табыстай отырып, аймақ жетекшісі жаңадан берілген қызметтік автокөліктердің арқасында қоғамдық тәртіп пен қылмысқа қарсы күресте полиция қызметкерлері алдағы уақытта жетістікке жететіндіктеріне сенімін білдірді.