Қазақстан полициясы робот-ит пен смарт-бейдж мүмкіндіктерін көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР ІІМ Камбоджа ІІМ делегациясына заманауи цифрлық шешімдерді таныстырды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Басқару академиясында Камбоджа Ішкі істер министрлігінің делегациясына ішкі істер органдарының қызметінде қолданылатын заманауи цифрлық шешімдер мен инновациялық технологиялар таныстырылды.
Шетелдік әріптестерге смарт-бейдждер, роботтандырылған кешендер, оның ішінде робот-ит, сондай-ақ ел полициясына енгізілген өзге де әзірлемелер көрсетілді.
Қонақтарға қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, құқық бұзудың алдын алуда және оларды ашуда, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттыруда заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктері таныстырылды.
Іс-шара барысында оқиғаларға жедел ден қоюға, келіп түсетін ақпаратты талдауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін цифрлық құралдарды қолдануға ерекше назар аударылды.
Айта кетелік ІІМ цифрлық технологиялар арқылы жол қозғалысына бақылауды күшейтетіні туралы жазған едік.